«Лас» көлік иелері бір аптада қамданбаса, қапы қалады

8687
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Kolesa.kz мәліметінше, 10 ақпаннан бастап Алматы бойынша нормадан көп зиян газ бен түтін шығаратын – «лас» автокөліктер тексерілетін болады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Sergek Group мамандары Алматы көшелерінде жүргізген мониторинг қорытындысын шығарып жатыр. Тексеріс нәтижесінде анықталған «лас» көліктер тізімі 10 ақпанда полицияға беріледі. Полицейлер ереже бұзған машинаны тоқтатып, тексерістен өткізу үшін экопостқа жібере алады.

Бұл жоба 2023 жылғы желтоқсанда сынақ ретінде басталған еді. Осыған байланысты 1 қаңтарда экосезгектер толық іске қосылды.

Мамандар «лас» автокөлік иелері көліктерін алдағы апта ішінде жөндетіп алғаны абзал екендігі айтады.

Ескеру керек, экопоста машинаны бұрынғыдай «көліктің түтігінен шыққан түтінге қарап» емес, қатаң әрі ғылыми әдіспен тексереді. Бірақ бензинмен жүретін көлікті минус 7 градустан төмен температурада, ал дизельді көлікті нөлден төмен температурада тексеруге болмайтыны айтылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер