Қытайда австралиялық ғалым өлім жазасына кесілді

904
Adyrna.kz Telegram

Австралиялық ғалым және блогер Ян Хенцзюньге қатысты Қытайда үкім шықты. Ер адам тыңшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілді. Жаза кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қытайдағы автралиялық белсенді, әрі ғалым Ян Хенцзюньге тағайындалған жазаның кейінге қалдырылуына байланысты ҚХР мен Австралия арасында дипломатиялық жанжал туындап отыр. Хенцзюнь-Австралия азаматы және елдің Сыртқы істер министрлігі Қытай сотының шешімін айыптайтынын мәлімдеді.

Ян Хенцзюнь 2019 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол тыңшылық жасады деп айыпталды (Қытайдың құқық қорғау органдары қай елге қатысты екенін ресми түрде хабарлаған жоқ). Ғалым шамамен бес жыл қамауда болды.

Қытайда дүниеге келген Хенцзюнь ҚХР билігінің саясатына наразылық білдірген ғалым, блогер, жазушы және белсенді ретінде танымал болды. Ол сонымен қатар Нью-Йорктегі Колумбия университетінде біраз уақыт сабақ берді. 1999 жылдан бастап Хенцзюнь Австралияда өмір сүрді, 2002 жылы ол сол елдің азаматтығын алды.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша Хенцзюнь кейінге қалдырылған өлім жазасына кесілді. Іс жүзінде мұндай үкім өмір бойына бас бостандығынан айыруды білдіруі мүмкін. Австралияның Сыртқы істер министрлігі Қытай сотының шешімімен келіспейтінін және "бұл үкімге таңғалғанын" айтып, мәлімдеме жасады. Австралия СІМ ғалымды босатуға және оны медициналық себептермен экстрадициялауға ұмтылуы мүмкін.

Пікірлер