Биіктей беретін Бекмаханов

1903
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - қазақтың соңғы ханы Кенесары хан жайында алғаш зерттеу жасаған ғалым, тарихшы, ғылым докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмахановтың туғанына - 109 жыл.

1915 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 

Ермұхан Бекмаханұлы 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітірген. Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен.

1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

1946 жылы Бекмаханов "Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында" атты докторлық диссертация қорғап, Кенесары Қасымұлының көтерілісі жайында жазып, оған "ұлт-азаттық қозғалыс" деген сипат береді. Қазақстан тарапынан баяндама жасап, сол жерде қағазсыз сөйлеген Ермұханды көрген барлық халық таңқалған көрінелі.

Алайда Кенесары жазғаны үшін кеңес билігі 1952 жылы оны 25 жылға соттап, ГУЛАГ лагеріне айдалады.

Отан соғысы жылдары көптеген еңбек етіп, халық есінде мәңгілікке сақталды десек те болады.

Кенесары Қасымұлы көтерілісіне "ұлт-азаттық қозғалыс" деп сипат бергені үшін "Ұлтшыл" деп айыпталып 25 жылға бас бостандығынан айырылып жер аударылады. 

"Барлық талапқа сай еңбек жазып жүргенімен, Кенесары көтерілісіне қатысты сипат бергені үшін айыпталды" деп жазады академик Шапық Шөкин.

Көзінің тірісінде ақталмаған еңбектері, Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін ақталып, жарық көреді.

Пікірлер