Құлыбаевтың орнына. Головкиннің жаңа қызметке тағайындалатыны айтылды

950
Adyrna.kz Telegram

Аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаңа қызметке тағайындалатыны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы yedilov online телеграм арнасында жарияланды. 

"Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады деп күтілуде", - делінген басылымда.

Айта кету керек, қазіргі уақытта ҚР ҰОК басшысы кәсіпкер Тимур Құлыбаев болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин бүгінгі кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың күзінде өткізді, сол уақыттағы трилогияда бірауыздан шыққан шешіммен мексикалық Сауль "Канело" Альвареске ұтылды.

Пікірлер