Аманат партиясы Қазақстанның жаңа премьер-министріне кандидатураны ұсынбақ

1012
Adyrna.kz Telegram

«Аманат» партиясы Қазақстанның жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарына сілтеп.

«Конституциямызға сәйкес президент Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі «Аманат» саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды», - деді Берік Уәли.

Тоқаев мақұлдаса, ол кандидатураны Мәжілістің қарауына жібереді. Мәжіліс келіссе, жаңа премьер-министрді тағайындайды. Одан кейін үкіметті жасақтау басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Пікірлер