Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі турнирде жеңімпаз атанды

1322
Adyrna.kz Telegram
фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Әбу-Даби (ОАӘ) WTA 500 турнирінде Елена Рыбакина финалда ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық спортшы ойынды 6:4 есебімен аяқтады.

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды.

Еске сала кетейік, ол өткен айда Аустралияда өткен турнирде үздік шыққан болатын.

Пікірлер