Президент Қатарға мемлекеттік сапармен барады

894
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сапар барысында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Пікірлер