БАҚ қызметкерлері сақалын қырып, суретке түсіру арқылы күнә жасайды - Тәліп шенеуніктері

2678
Adyrna.kz Telegram
Фото: Кhaama Press
Фото: Кhaama Press

Тәліптердің Қоғамдық шақыру және нұсқау бөлімінің басшысы Мохаммад Хашем Шахид Врор 20 ақпанда өткен жиналыста сақал өсірудің парыз екенін және оны қысқартуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Khaama Рress агенттігіне сілтеп. 

«БАҚ қызметкерлері де сақалын сақтап, қырынудан бас тартуы керек» деді ол.

Одан әрі ол БАҚ қызметкерлері суретке түсіру үлкен күнә екенін және ақыретте Алланың алдында жауап беретінін айтып,  суретке түсірмеу керегін баса айтты.

«БАҚ қызметкерлері – ауғандық отандастарымыз, бірақ олар сақалын қыру күнәсін табанды түрде жасап, жемқорлыққа көбірек көңіл бөледі», деп сөзін жалғады ол.

Бұған дейін Қандағардағы тәліптердің губернаторы жақында осы провинциядағы тәліптердің барлық мекемелері мен билігіне жазбаша нұсқау беріп, ресми және бейресми кездесулер мен рәсімдерді  суретке түсіруге тыйым салған болатын.

Қандағардағы тәліптердің губернаторы молла Ширин Ахунд әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та жарияланған осы жазбаша нұсқауда осы провинциядағы Тәліптердің үкіметінің ұлттық және әскери шенеуніктеріне суретке түсуден және суретке түсіруден бас тартуды тапсырды. 

Пікірлер