Алматыдағы балабақшада баланы аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

1150
Adyrna.kz Telegram
Сурет: norma.uz
Сурет: norma.uz

Алматыдағы балабақшалардың бірінде бірнеше бүлдіршін қатарласын соққыға жыққан. Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық білім бөлімі оқиғаның 51 бөбекжай-балабақшасында болғанын мәлімдеді.

«Оқиға кезінде тәрбиеші басқа бөлмеде болған. Ол балаларға түскі ас алып жатқан. Сондықтан балалардың мінез-құлқын бақылай алмаған. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен оған қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды»,—делінген хабарламада.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Пікірлер