Қарағанды облысында үй өртеніп, салдарынан 4 бала қайтыс болды

946
Adyrna.kz Telegram
Фото: Петр Карандашов
Фото: Петр Карандашов

Кеше, сағат 18.00 шамасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылында үй өртеніп, оқиға кезінде үйде болған төрт кішкентай бала қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Патриот Telegram-арнасында хабарланды.

Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы, өрт кезінде үй иелерінің қайда болғаны және балалардың неге қараусыз қалғандығы анықталуда.

Бейресми дерекке сенсек, оқиға пештен кеткен өрттің салдарынан болған.

Оқиға орнында төтенше жағдай, ішкі істер, медицина қызметтері, сонымен қатар психолог мамандар жұмыс істеп жатқандығы айтылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер