Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шықты

749
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

 Қарағандыда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатыры өртенді,Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

ТЖД жоғары шақыру дережесі бойынша жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге жеке құрамның ТЖД 58 адамы және 16 техникасы жұмылдырлды. Алдын ала болжам бойынша өрт сөндірушілер сағат 07:52-де 400 шаршы метрге жайылған қызыл жалынды ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, сағат  08:22 өрт түгелдей сөндірілді.

Пікірлер