Ақмола облысында көлік ішінен табылған екі ер адамның неден өлгені анықталды

1039
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында көлік ішінен табылған полиция қызметкері мен бейбіт тұрғынның неден өлгені белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«5 наурыз күні сағат 8.05-те Есіл аудандық полиция бөліміне Есіл автожуу мекемесінің аумағында Audi A6 автокөлігінің салонынан екі жігіттің мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Азаматтардың түнде көлігін көлік жуу орнына апарып, ұйықтап кеткені анықталды», - деп хабарлайды Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі.

Зорлық-зомбылық ізі табылмағаны атап өтілді. Сараптама тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша,  азаматтар көміртегі тотығынан улану себебінен қайтыс болды делінеді.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұмдардың бірі Есіл ауданында полиция қызметкері екенін растады. Белгілі болғандай, қайтыс болған полиция сержанты уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген.

Бұған дейін Ақмола облысында екі ер адамның көлік ішінен өлі табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Пікірлер