Микроқаржы ұйымдарына жүгінген 2 миллион қазақстандықтың жеке деректері желіге тарап кетті

1104
Adyrna.kz Telegram

Желіде 2 миллион қазақстандықтың және Zaimer.kz микроқаржы ұйымы клиенттерінің деректері тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Мемлекеттік техникалық қызметке (МТҚ) сілтеп.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Zaimer.kz микроқаржы ұйымының инфрақұрылымы хакерлік шабуылдың нысанасына айналған. Екі миллион қазақстандықтың жеке деректері Telegram-да жалпыға қолжетімді топта тараған, оның ішінде: аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық поштасы, жеке куәлік деректері, тіркеу және тұрғылықты мекенжайы, жұмыс туралы ақпарат, сондай-ақ банк карталары мен банк шоттары туралы мәліметтері бар», - делінген хабарламада.

Микроқаржы ұйымының (МҚҰ) веб-сайты және оның IP мекенжайлары Қазақстанда орналасқан. МТҚ ақпараттың таралып кетуін көптеген қаржы ұйымдарының деректері жинақталған (Robo Finance) (robo.finance)  инфрақұрылымына жасалған шабуыл салдарынан болды деп санайды.

«Бұған дейін сарапшылар осы МҚҰ-ға қатысты бірқатар жалған веб-сайттарды анықтаған болатын. Бұл сайттардың беттеріне өту кезінде пайдаланушыға жоғарыда аталған ұйымнан ақшалай несие алу ұсынылды. Жалған сайттардың атаулары: zaim5min.com, vozmykredit.ru, vozmycredit.com, stpmrnlnk.com, mani24.kz, zm24.kz, cashlux.kz, zaim365.kz», - деп хабарлайды мамандар.

Пікірлер