"Неге тастап кеттіңдер?" Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы арманын айтты

4363
Adyrna.kz Telegram
Фото: бейнеден алынған
Фото: бейнеден алынған

Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы өз мұңын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасына сілтеп.

16 жастағы Ақылбек есімді қазақ баласын Испанияда тұратын отбасы асырап алған.

Қазақтың Ақылбегі қазір Луис атанған. Оның бар арманы биологиялық ата-анасын табу екен.

"Туған ата-анамды тауып жатсам, неге тастап кеткенін сұрар едім, себебін айтса екен. Мені неге тастап кеттіңдер? Мені асырап алған отбасыма ризамын. Болашақта келіп танысқыларың келсе мен сендермен кездесуге де дайынмын.  Кездескенде «Жағдайларың қиын болды ма? Менің басқа туыстарым, бауырларым, қарындастарым бар ма?» деген сияқты сұрақтарыма жауап алғым келеді, - деді Луис-Ақылбек.

Ақылбекті туған ата-анасы қашан, қалай жетімдер үйіне қалдырғанын ешкім де білмейді. Бірақ испандық әйел Ақылбекті Ақтаудағы жетімдер үйінен асырап алғанын айтқан.

Пікірлер