ЮНЕСКО қазақтың ұлттық дәстүрлерін қорғау үшін қаражат бөлді

1071
Adyrna.kz Telegram

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Қазақстанның ұлттық комитеті ұсынған жоба алғаш рет ЮНЕСКО-ның халықаралық қорынан қаражат алды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұйымның штаб-пәтерінде материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-сессиясы Бюросының бірінші отырысы өтті.

Кездесу барысында ЮНЕСКО-ның МЕММ қорғау қорынан халықаралық көмек механизмі бойынша жобаларды қаржыландыруға төрт өтінім қарастырып, қолдау тапты.

«Елге 99,6 мың доллар бөлінді. Бұл ақша материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізімін жаңартуға жұмсалады»,—деп жазды СІМ.

Айта кетейік, материалдық емес мәдени мұра нысандарына қазақша күрес, күй, жыртқыш құстармен аңшылық өнері, Наурыз, дәстүрлі асық ойыны және басқа да көптеген ұлттық дәстүр жатады.

Пікірлер