Қазақстанның бірінші және соңғы вице-президенті

1496
Adyrna.kz Telegram
Фото:  "Эпоха" газеті
Фото: "Эпоха" газеті

Бүгін - Қазақстанның бірінші және соңғы вице-президенті Ерік Асанбаевтың туған күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ерік Мағзұмұлы Қостанай облысының тумасы. Ол 1936 жылы 10 наурыз күні өмірге келген.

Қазақстанның мемлекет қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы  1959–1967 жылы ҚазМУ (ҚазҰУ)-да, одан бөлек Мәскеу қаржы институтында, Қазақ КСР-і Мемлекет жоспарлау комитетінің ғылым-зерттеу институтында, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек еткен.

1991 жылдан бастап ҚР-ның вице-президенті болып тағайындалды. Кейіннен 1994–1996 жылы ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1996 жылы қызметтік өкілі тоқтатылып, сол жылдың ақпан айынан бастап 2000 жылға дейін Қазақстанның  Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып еңбек етті. Тәуелсіздіктің іргетасын қалауға еңбек еткен азамат Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі қызметінде жүргенде Берлин қаласында Абайға көше атын беруге де себепкерлердің бірі болған.

Елшіліктен соң Ерік Асанбаев мемлекеттік қызметтен шеттетілген.

Бірнеше саясаткер қоғам қайраткері туралы пікір білдіріп, өз естелігімен бөліскен. Серікболсын Әбділдин “Азаттыққа" берген сұхбатында Ерік Асанбаев туралы:

"Назарбаевқа қолынан іс келетін адамдар керегі жоқ. Ал вице-президент Асанбаев «олай болмасын, былай болсын» деп өз пікірін айтуы ықтимал еді. Ал құлағына маза бермейтін ондай адамды Назарбаев жақтырмайды. Өз бетімен жұмыс берсе ол да қауіп, сол себепті шетелге жіберді", - деген.

"Отан" орденімен марапатталған бірінші және соңғы вице-президенті 68 жасында 2004 жылдың 23 тамызында өмірден озды.

Пікірлер