"Әркімнің өмір сүруге құқығы бар". Бүгін – Дүниежүзілік адам құқықтары күні

1313
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Бүгін – Дүниежүзілік адам құқықтары күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

1948 жылғы желтоқсанның оныншы жұлдызында БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын қабылдады. Бұл күн барлық елде 1950 жылдан бері атап өтілуде.

Қазақстан Ата заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені атап көрсетілген.

Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес. Ол бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі ретінде саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында адам құқығын қорғау мәселесін саяси жаңғырумен қатар қойған.

Ал Парламент палаталарының бірлескен отырысында:

"Адами капиталдың сапасын дәйекті түрде арттыру қажет. Бұл мәселеге ерекше назар аударатынымды білесіздер. Қазақстанның басты байлығы – адамдар екеніне сенімдімін. Бұл адамдар, олардың білімі мен құзыреттілігі, біздің еліміздің алға жылжуының негізгі қозғаушы күші болып табылады", - деді Президент.

Конституцияның 15-бабында әркімнің өмір сүруге құқы бар екені ­жа­­­­зылған. Демек кез келген мемлекет ең алдымен елде тұратын азаматтың жайлы өмір сүруіне жағ­дай жасауы тиіс. Адам­ның саяси, әлеуметтік, экономика­лық, мәдени, тіпті экологиялық құқықта­рын ескерілуі тиіс.

 

Пікірлер