Қазақстандықтар Египетте өткен әлем кубогында заманауи бессайыс бойынша күміс жүлдегер атанды

1189
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар Египетте өткен әлем кубогында заманауи бессайыс кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеп (ҰОК).

«Қазіргі бессайыс бойынша әлем кубогы Каирде (Египет) өтті. Қазақстан құрамасы аралас эстафетада екінші орын алды. Бағдарламаның бұл түріне еліміздің атынан Людмила Яковлева мен Темірлан Әбдірайымов қатысты. Команда 1337 ұпай жинап, күміс медаль иегерлері атанды», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Бірінші орында 1350 ұпаймен Мексика тұр, ал үшінші орынға 1322 ұпаймен Оңтүстік Корея табан тіреді.

Пікірлер