Әртүрлі жарақатпен. Өскеменде екі адамның мәйіті табылды

932
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Өскеменде екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қалада бір күнде қаланың әр жерінен екі ер адамның мүрдесі табылған.

Өскемендегі Қабанбай батыр көшесінде ойын-сауық мекемесінің жанынан бір ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала дерек бойынша ол зорлық-зомбылықпен өлген болуы мүмкін.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Екінші ер адамның денесі Абай даңғылынан табылды. Мәйіттен пышақ жарақатының іздері болған.

“Күдікті анықталып, жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Айғақты заттар алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер