Батыс Алашорданың батыл ағартушысы

1190
Adyrna.kz Telegram
Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алаш орданың батыс бөлігінде саяси қызметтер мен педагогикалық қызметтерді атқарған қоғам қайраткері Төлеген Иманғазиевтің 150 жылдығы, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ағартушы 1874 жылдың 16 наурызында сол кездегі Орал облысы Ілбішін уезі Қалдығайты болысының №2 ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын мұғалім болып бастаған Төлеген Иманғазиев 1904 жылы Жымпиты уезі Соналы болысының басқарушысы болып сайланады. Ал 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін өзін- өзі басқару жүйесін құру ісімен шұғылданады. Кейіннен Батыс Алаш орданың оқу-білім комитетіне мүше болып қабылданады.

Алайда қоғам қайраткері 1937 жылы бұрын болыс болғаны және Алашорда үкіметіне қызмет еткені үшін «Панисламизмді насихаттаушы, белсенді Алашордашыл» деген айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 15 ақпан күні түнде Орал түрмесінде атылды.

Төлеген Иманғазиев 1991 жылғы 26 сәуірде толықтай ақталады. Себебі Батыс Алашорданың батыл ағартушысының ұлы  Хасан Төлегенов 1961 жылы 29 мамырда Батыс Қазақстан қауіпсіздік комитетіне әкесінің 1937 жылы 2 ақпанда тұтқындалғанын, осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткенін жазып, өтініш білдірген екен. Соған байланысты Төлеген Иманғазиев ісі қайта қаралады.

Пікірлер