"Жөтелден қабырғасы сынып кетуі мүмкін". Қарағандыда ауру жұқтырғандар саны көбейген

980
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында балалар жаппай көкжөтел жұқтыруда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі КТК-ға сілтеп.

Қарағанды облысында балалар арасында көкжөтел жұқтырғандар саны артып барады.

Екпе салдырмағандар арасында көкжөтел жаппай жұқтыруда. Тіпі ауруы асқынған бір бүлдіршін жансақтау бөліміне жатыр.

Облыста көкжөтел жұқтырғандар өткен жылдан бері тіркелген. Жыл басынан бері 48 бала ауырған. Ал қазір ауруханада 6 бала ем алуда.

Балаға қатты әсер ететін кесел өршісе адамда өкпе қабынып, ауа жетпей, ми зақымдалуы мүмкін.

Ал екі жасқа дейінгі бала тоқтамай жөтелсе, қабырғасы сынатын көрінеді. Тыныс алу жолдары бітелсе, тек жансақтау бөлімінде емдеу керек.

Сондықтан дәрігерлер ауру белгілері байқалса бірден көмекке жүгіну керектігін айтады.

 

Пікірлер