Кремль жым-жырт. Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 60-тан асты

1747
Adyrna.kz Telegram

Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында орналасқан "Крокус Сити холл" концерт залында болған терактіде 60-тан астам адам қаза тапты,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ресейдің тергеу комитетіне сілтеп.

Ведомствоның мәліметінше, концерт залында тергеу амалдары әлі де жүріп жатыр.

“Қаза болғандар саны 60-тан асты. Қаза болғандар саны артуы мүмкін. 100-ден астам адам жарақат алған” деп жазды тергеу комитеті.

Мәскеу облысының губернаторы Воробьев 115 зардап шеккен адамның ауруханада жатқанын, олардың 60-ының жағдайы ауыр екенін айтты.

Ал Ресей президенті Владимир Путин осы оқиғаға орай әзірге мәлімдеме жарияламады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Крокус Сити Холлдағы терактіге байланысты Қазақстан азаматтары үшін сенім телефоны ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Айта кетейік, Украина лаңкестік әрекетке қатысы жоқтығын бірден мәлім етті.

Пікірлер