Қазақ-мажар ғылыми, мәдени серіктестігінің жаңа қадамы

651
Adyrna.kz Telegram

Ү.ж. 27-наурызда Астанада Қазақстанның Ұлттық мұражайы мен Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары мұражайы арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа мажар мұражайы тарапынан, Бас директордың кеңесшісі, антрополог Жолт Андраш Биро мен Қазақ ұлттық мұражайының директоры Айбек Сыдықов рәсім атқарды.

Қол қою сәті. Қанат Мусиннің түсірілімі

Қазіргі уақытта қол қойылған құжат екі мекеме арасындағы ынтымақтастық салаларын, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудың тетігін  реттейді.

Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстарын реттейтін жаңа қаулы негізінде алынған қаңқа сүйектер Қазақ Ұлттық мұражайының антропологиялық қорына тапсырылады деп күтілуде. Нәтижесінде Ұлттық мұражай антропологиялық және генетикалық зерттеулердің ғылыми орталығына айналуына мүмкіндік алады. Мұндай ауқымды коллекцияны толықтырумен бірге, заманауи антропологиялық зерттеу зертханасын құру ісі де қолға алынбақ көрінеді. Мажарстан жаратылыстану ғылымдары мұражайының (http://nhmus.hu/hu)  зерттеушілері аталған стратегиялық серіктестік аясында антропологиялық мәліметтермен бірлесе жұмыс жасауға қол жеткізеді.

Бірлескен ғылыми жобалардан басқа, Мажар антропологтары жаңадан құрылатын қазақ антропологиялық зертханасының мамандарын кәсіби біліктілікке баулуға қол ұшын созады.

Өзара әріптестік ынтымақтастық аясында Қазақ Ұлттық мұражайы қорындағы ауқымды палеонтологиялық коллекцияны жетілдіру ісіне де мажар мамандарын тарту көзделуде. Аталған ауқымды істерді еңсеруге Қазақ Ұлттық мұражайына зерттеуші Биро Андраш үйлестіруші ретінде қол ұшын созбақ. Биро Андраш ғылыми зертетуімен бірге, халықаралық аренда танымал тұлға, ол көшпелілер мәдениетін насихаттаудағы Еуропа құрлығындағы ең ірі  этномәдени фестивал санатындағы «Құрылтай» атты шарасын ұйымдастырушысы және Мадияр-Тұран қауымдастығының президенті (https://kurultaj.hu/).

Биро Андраш Жолт Қазақ ұлттық мұражайының антропологяиылық коллекциясында. Астана, 2024, 27-наурыз. Қанат Мусиннің түсірілімі

Мажар Жаратылыстану мұражайы бұған дейін Алматыдағы Мемлекеттік Орталық мұражайымен ауқымды істер атқарған стратегиялық серіктес болды. Мажар зерттеушілері Бернерт Жолт, Биро Андраш және Эвингер Шандор 2006 жылдан бастап үш зерттеу жобасының аясында аталған мұражай қорындағы антропологиялық материалдарға зерттеулер жүргізген, экспедициялар ұйымдастырған. Сонымен қатар мажар мұражайының шеберханасында қазақтың тарихи тұлғаларының (Әбілқайыр хан, Кейкі батыр) бет-әлпетін қалпына келтіру жұмысын жасаған.

Ынтымақтастық туралы жаңа келісім өзара тиімді мүмкіндіктерге жол ашады, жаңа табыстар  мен тәжірибелер екі елдің ғылыми өмірін байытуға да септігін тигізеді деп күтілуде.

Дереккөз: https://kurultaj.hu/2024/03/strategiai-egyuttmukodesi-szerzodest-irtak-ala-asztanaban-a-kazak-nemzeti-muzeum-es-a-magyar-termeszettudomanyi-muzeum-kepviseloi/

Анықтама: Мажар жаратылыстану тарихы мұражайы (Magyar Természettudományi Múzeum) іргелі ғылыми-зерттеу мекемесі. Негізін 1802 жылы граф Сечени Ференц қалаған. Ақсүйектер мен бекзадалар, кейін саяхатшылар мұражай қорын құнды жәдігерлермен ұдайы толықтырылып тұрған. Мажарлардың Еуроападағы мемлекеттілігінің мыңжылдығы қарсаңында, 1896 жылы мұражай қоры 1 миллион данаға жақындаған.

Мұражай қоры неолит дәуірінен бастап мажар тарихының қазіргі дәуіріне дейінгі табылған заттардан тұрады. Оның антропологиялық коллекция 1970 жж. әлемдегі алтыншы орында еді. Бүгінде аталған мұражай қоры Еуропадағы алғашқы ондықтың ішінде.Қазір мұражай қорында минералогия, петрология, геология, палеонтология, ботаника, зоология, антропология  саласындағы ондаған миллион бірліктен тұратын ауқымды коллекциясы бар.

Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары мұражайы ғимараты

Пікірлер