AMANTAY ISIN: Имидж жасаушылар Президенттің де беделін төмендетуге іс қылды

667
Adyrna.kz Telegram

Биліктегілерге имидж жасаушылар, түсінсе, Президенттің де беделін төмендетуге іс қылды. Ұлттық құрылтайдағы кей ұсыныстарды халықтың қабылдауы қиын болды. Елтаңбаны қасиет тұтқан халық абыржып қалды.

"Наурызды жаңаша атап өту" деген артық шаралар іске қосылды. Наурыз мейрамын лайықты атап өтуге үш күн жарап тұр еді. Бір апта, он күн серуендеу деген не?! Қыс ортасында жауын жүріп, мұз қатып, қыс соңы, көктем басында тоң үстіне қалың қар жауғанда Қоян жұтының зардабы алда екенін биліктегілер ұға алмады, тиісті қам жасамады. Қызметтерінен кетіріп, оларды ауыстыруға қалыптасқан жүйе жол бермеді.

Елбасы заманындағы жеке басқа табынуды қойған жөн ғой. Тағы да имиджмейкерлер Президенттің аузына "менің бастамаммен" деген сөздерді салады. Болмайды ғой олай! Болмау керек. Президент қоғамдағы шынайы, халықтың жағдайы жеткізілген ұсыныстарды қолдайтын адам. Тағайындалған облыс әкімдері халыққа қажет нысандарды салуды және жаңартуды кейінге қалдырып, облыс орталықтарын өз түсініктерімен көркейтуге ниет білдірді. Ауылдардың жағдайын жақсарту бірінші кезекте тұру керек еді, өндіріспен қатар, тұрғын үйлерді де орталықтарға үймей, кең салып, жаңғыртып, қаражатты соған жұмсап, қалаға салынатын жылтырақтарға жұмсамай!

 

Amantay Isin

 

 

 

Пікірлер