"Су тасқыны қаупі жоғары". Бозымбаев Атырауда брифинг өткізді

959
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Премьер-министрдің  жаңа орынбасары Атырау облысынан онлайн брифинг өткізді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қанат Бозымбаев өңірдегі ахуал жайлы баяндады.

«Жайық өзені деңгейінің көтерілуне байланысты, Ақтөбе облысынан Елек өзенінің суын есептегенде, оған қоса Ирикли (Ресей) су қоймасынан көбірек судың келуіне байланысты өңірде әлі де су тасқыны қаупі жоғары. Бұл едәуір үлкен тәуекелдер. Мен әкімдік пен жергілікті атқарушы органдарға Жайық өзенінде судың тасуына байланысты болжау жұмыстарын екі күн ішінде әзірлеуді тапсырдым. Біз Жайық өзенінің деңгейі едәуір көтеріледі деп күтіп отырмыз. Ресей шекарасынан судың жетуі шамамен әдетте 20-25 күнде келетін. Бірақ бұл жолы 15-20 күннің ішінде жетуі мүмкін», - дейді Бозымбаев.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны болған өңірлерде ауыз судың сапасы мен эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтуді тапсырды.

  • Денсаулық сақтау министрлігі су басқан аймақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, атап айтқанда, ауыз судың сапасын бақылауды күшейтуі керек;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермей, үй және жабайы жануарларға қажетті ветеринариялық бақылауды қамтамасыз етуге тиіс;
  • Ішкі істер министрлігі эвакуацияланған халықтың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет;
  • әкімдіктер эвакуациялық пункттердегі халықты қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етіп, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде оларды уақытша орналастыру мәселесін пысықтауы қажет.
Пікірлер