Атырау облысында мұнай скважиналары суға кете бастады

565
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында екі мұнай-газ кенішіндегі төрт ұңғыма су астында қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазір Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалды: «Шығыс Уаз» кен орнында, 3 ұңғыма: № 101, № 106, № 116 («Ембімұнайгаз» АҚ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ) - топырақты толтыру жұмыстары жүргізілуде. Бөгет жанына төселген құм салынған қаптарды көбейту, сондай-ақ НБ-50 сорғысымен Сағыз өзеніне су айдау (төрт адам мен екі бірлік арнайы техника жұмысын жалғастыруда); Жаңа Мақат кен орнында 1 ұңғыма – № Е7 («5А Ойл» ЖШС) – жағалауларды бөгеу, қалпына келтіру жұмыстары аяқталды», - деп хабарлады жұма күні ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл ұңғымалар уақытылы тоқтан ажыратылып, герметизацияланған.

«Облыстың қалған кен орындарындағы жағдай тұрақты және жіті бақылауда», - делінген хабарламада.

Бұған дейін, сәуірдің 11-і күні «Глобус» орталығының директоры Галина Чернова Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Атыраудағы мұнай-газ және басқа да қауіпті нысандарды су басу қаупі барын хабарлаған болатын. Кейіннен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Атыраудағы мұнай-газ және басқа да нысандарға су тасқынынан қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеген еді.

Пікірлер