Қостанай облысында көпір жарылды

570
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

Қостанай облысында көпір жарылды. Бұл туралы «Наша газета» басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, Қостанай облысы Дәмді ауылындағы көпір жарылған.

«Науырзым ауданындағы көпірде пайда болған жарықшақ салдарынан оның бұзылу қаупі төніп тұрғанын полиция департаменті хабарлады. Осыған байланысты көпірдегі қозғалысты көліктің барлық түріне жабу туралы шешім қабылданды»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Сондай-ақ, «Жезқазған-Петропавл» А-16 республикалық тас жолы арқылы айналма жол қарастырылған.

«Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз! Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлаңыз және ресми ақпаратқа сүйеніңіз»,- деді полицейлер.

Пікірлер