Алматылық балуандар Қазақстан Республикасы чемпионатында жалпы командалық есепте  екінші орынды иеленді

373
Adyrna.kz Telegram

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Балуандар Егор Анчугин (74 келі) пен Карим Абитов (97 келі) алтын, Самир Дурсунов (65 келі) күміс, Ерхан Абил (79 келі) мен Сункар Сейдахмет (65 келі) қола жүлдені жеңіп алды.

Еркін күрестен Алматы қаласының командасы жалпы командалық 2-орынға ие болды.

Бұл жарыстар алдағы Азия және Әлем чемпионаттарына іріктеу кезеңі ретінде өткізіледі.

- Бірінші орын алған балуандар Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алып, ұлттық құрама сапына алынады. Жарыс бірнеше күнге созылады. Біз әлем және Азия чемпионаттарында өзімізді көрсетуіміз керек, – дейді еркін күрестен халықаралық дәрежедегі төреші Берік Шалабаев.

Айта кетейік, Петропавловскта өтіп жатқан чемпионатқа Алматы, Астана және Шымкент қалалары мен Қазақстанның 17 облысынан 2000-ға жуық спортшы қатысуда.

 

Пікірлер