Назарбаеваға қатысты қылмыстық істі тергеуден бас тарту шешімі жойылды

583
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталған қылмыстық іс Алматының экономикалық тергеу департаментіне берілді. Сол арқылы прокуратура Назарбаеваға қарсы сотқа дейінгі тергеу жүргізуден бас тарту туралы” полицияның шешімін жойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

"Прокуратура полицияның Әлия Назарбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімін бұзып, материалдарды Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берді. Біздің компания "Әлем ЛТД" ЖШС есепшотына қаржылай көмек түрінде қаражат аударды. Бұл Luxor кешенінің (Wellness Club Luxor фитнес-орталығы) ішінара біздің қаражат есебінен салынғанын көрсетеді, оның мердігері Қайрат Оразбеков басқаратын "Элитстрой" компаниясы болды", – деді Бимурзин баспасөз мәслихатында.

Жәбірленушілер Luxor-ды қамауға алуды талап етеді. 

"Ал болашақта құқықтық тәртіпке сәйкес, біз материалдық шығындарымыздың есебін талап етеміз. Өйткені бұл – 20 жылдағы көрмеген пайда, бірнеше инфляция, девальвация, материалдық құндылықтарымыз бен моральдық азаптарымызды өтеу. Біз осы кешенді бізге беруді талап етеміз. Бұл кешен бізге берілсін, біз оны риэлторлар айтқандай 25 миллион долларға сатамыз. Ал қаражаттың бір бөлігін су тасқынына қарсы күреске, зардап шеккен халыққа көмектесуге бағыттаймыз. Менің ойымша, қоғам бізді осымен қолдайды", – деді спикер.

Ол сондай-ақ конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Рогованың жәбірленушілер "бопсалаумен" айналысады деген мәлімдемесін нақтылауы керек екенін айтты. 

"25 наурыздан бастап, дәлірек айтсақ, туған күнімнен бері Меғдат Қалиев екеумізге интернет арқылы қоқан-лоқы көрсеткен қоңыраулар түсіп жатыр. Олар көшеге шығып, қоғамда бұлтартпас дәлелдер көрсетуімізді тоқтатуды талап етті. Биыл18 сәуірінде Қалиев екеумізге Астананың полиция қызметкері Ерзак телефон соғып, жауап алуға келіңдер деді. Оның шалған қоңырауы телефонымда әлі сақталып тұр. Яғни, Қалиев екеуміз Әлия Назарбаеваның рейдерлік шабуылына байланысты екі айдан астам уақыт бойы арыз жазып, шағымданып келеміз, ал ол жауапқа шақырылмаған. Көрдіңіз бе, Әлия Назарбаева адвокаты арқылы арыз жазып, бізді дереу жауапқа шақырды. Негізінде бұл – жала жабу. Біріншіден, шындық біздің жағымызда болса, біз неге аузымызды жабуымыз керек? Екіншіден, 20 жыл бойы жинап келе жатқан қағаз жүзіндегі дәлелдемелік негіздеріміз бола тұра, біз қалай жала жабамыз? Бізде айғақтардың дәлелді базасы бар. Сонымен қатар дәлелдемелер базасында бізде президенттік қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкерінің де айғақтары бар", – деді Бимурзин.

Сондай-ақ баспасөз мәслихатында жәбірленуші тараптың айтуынша, қазір құны 25 миллион доллар тұратын Luxor  фитнес-орталығын Виргин аралындағы оффшорлық компанияға 10 мың долларға беру мәмілесінің жалған екенін дәлелдейтін құжаттар ұсынылды. Оның үстіне мәміле жасалған кезде алматылық компанияның жарғылық капиталы 2 миллиард долларға бағаланғаны аталып өтті.

Жәбірленушілер бұл жағдайда сөз Қазақстаннан капиталды шығару схемасы туралы болып жатыр деп есептейді.

Еске салсақ, 2024 жылдың 28 ақпанында "Азия TПK" ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Бимурзин серіктесі Меғдат Қалиев екеуі Назарбаева мен Рогованың рейдерлік шабуылының құрбаны болғанын мәлімдеген еді.

"2003 жылы Назарбаева  өз ықпалын пайдалана отырып, құны 170 миллион доллар болатын (2003 жылғы есеп бойынша) жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекетінен тұратын операциялық кәсіпорынды басып алды. Ол бұрынғы иелерін түрмеге қаматып, дене жарақатын саламын деп қорқытты. Оның қоқан-лоқысы сенімді болу үшін, ол күндіз Алматының орталығындағы кәсіп иелерінің бірінің әкесін ашықтан-ашық ұрлап кеткен және куәгерлердің айтуынша, ұрлауға құқық қорғау қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін", –деген еді бұған дейін кәсіпкерлер. 

14 наурызда бас прокуратура Назарбаева тарапынан рейдерлік жасалғаны туралы арызды тіркегенін хабарлады. Алайда 5 сәуірде полиция экс-президенттің кіші қызына қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тартқаны анықталды.

21 сәуірде Назарбаеваның баласы Wellness Club LUXOR фитнес-орталығын 25 млн долларға сатқысы келетінін хабарлады.

Айта кетейік, соңғы айларда экс-басшының кіші қызы Әлия Назарбаеваға айтарлықтай ауыр айыптар тағылды, бірақ олардың ешқайсысы қылмыстық іске ұласпады. Әлі күнге дейін экс-президент пен оның туыстары «қолсұғылмаушылық» құқығына ие.

Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің «жаңа Қазақстанға» аяқ басқанын мәлімдеген еді. Содан бері біраз уақыт өтсе де көпшілік «ескі Қазақстан» шинелінің әлі шешілмегенін айтады.

Ал Алматы қалалық полициясы Әлия Назарбаеваның үстінен қылмыстық іс қозғаудан бас тартқаны хабарланған.

2024 жылдың 12 наурызында Астана тұрғындары үйілген қоқыс тауларына шағымданды. Оны шығару Назарбаевамен байланысты "Clean City NC" ЖШС жауапкершілігіне жүктелген. Бұған дейін 2023 жылдың 26 қыркүйегінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Назарбаева компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды деп мәлімдеді. Алайда кейінірек министрлер кабинеті мүшесінің бұл ақпараты шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. 2024 жылдың 12 наурызында Қазақстанның бас экологы қыркүйек айында Назарбаевамен байланысатын компания бұдан былай қоқыс шығарумен айналыспайды деп мәлімдеп, оның бұрын жұртқа неге жалған ақпарат бергенін анықтау керек деген пікір білдірді.

Сонымен қатар кейінгі уақытқа дейін теміржол билеттерінің бағасын белгілеуде Назарбаевамен байланысы бар Instant Payments компаниясының маңызды рөл атқарғаны белгілі. Дәл осы компания 2022 жылғы қаңтар оқиғасына дейін "Қазақтелеком" ұлттық компаниясымен тығыз жұмыс істеген.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде "Аманат" партиясынан сайланған мәжіліс депутаты Ерлан Саиров "РОП операторы" ісіндегі экс-президенттің кенже қызының рөліне прокуратураның назарын аударды.

Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай, 2022 жылдың 18 қаңтарында Назарбаеваның Қазақстаннан 312 миллион доллар шығаруының ықтимал схемасы анықталды. 2022 жылдың 19 қаңтарында "РОП операторы" қалдықтарды жинау құқығынан айырылды – бұл компания Назарбаевамен байланысты. Қылмыстық іс атышулы болғанымен, экс-президенттің қызы сот отырысына тіпті куә ретінде де қатысқан жоқ.

Сондай-ақ, Әлия Назарбаева мен Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Рогова рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталған болатын. 

 

Пікірлер