ЖАМБЫЛДЫҢ 158 ЖАС АЗАМАТЫ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАЙДЫ

2459
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында жастар жылына орай «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген мемлекеттік грантты 158 азамат жеңіп алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық алаңында облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариев мәлімдеді.
Жеңіс Болатұлының айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жас кәсіпкерлердің өз жұмысын бастауға зор мүмкіндік. Сондықтан да ол аталған бағдарламасына қатысып, бақ сынағысы келген жастардың көп болғанын айтады.
– Өздеріңізге белгілі биылғы жылды Елбасы жастар жылы деп жариялап, жастарға айрықша қолдау білдірді. Осыған орай Жамбыл облысының жастарын қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергікті бюджеттен 303 миллион теңге, ал республикалық бюджеттен 21 миллион теңге бөлінді. Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жалпы құны 324 миллион теңге болатын грант бөлінді. Грант бөлу және конкурс жариялау тәртібі арнайы Үкіметтің қаулысымен бекітіліп, конкурсттық комиссияның құрамына 17 адам кірді. Конкурсттың талабы бойынша Қаржы агенттігі төраға бола алмайды. Сондықтан да конкурстың төрағасы облыстық «Атамекен» филлиалының басшысы болса, қалған мүшелер БАҚ қызметкерлер мен әртүрлі салада қызмет атқарып жүрген қоғам белсенділері болды, – дейді ол.
Сондай-ақ, Жеңіс Болатұлы бағдарламаға қызығушылық танытқан жастардың көп болғанын айтады. Нақтырақ айтсақ, облыс бойынша грантты ұтып алуға ниетті 466 үміткерден өтініш келіп түскен.
– Атап айтсам, Тараз қаласынан 159, Сарысу ауданынан 56, Байзақ ауданынан 43, Шу ауданынан 31, Меркі ауданынан 27, Рысқұлов ауданынан 26, Жамбыл ауданынан 23, Қордай ауданынан 16, Талас ауданынан 16 және Мойынқұм ауданынан 8 жоба ұсынылды. Аудандардың арасынан Сарысу ауданы өте белсенді болғанын айтып өткен жөн. Ұсынылған 466 жобаның 21-і мүмкіндігі шектеулі азамат болып саналады. Жобаға қызығушылық жоғары болуына байланысты конкурсттың комиссияның 7 отырысы өтті. Дауыс беру процедурасына тоқталатын болсақ, әр коммисия мүшесі өз пікірі хаттамаға енгізілді. Комиссияның ұйғарымы бойынша, 158 жас кәсіпкерге грант беру туралы шешім шығарылды. Бағдарламаға қатысқан 21 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 8-нің жобасы мақұлданып отыр. Ал Тараз қаласынан 49, Сарысу ауданынан 20, Байзақ ауданынан 9, Шу ауданынан 7, Меркі ауданынан 10, Рысқұлов ауданынан 11, Жамбыл ауданынан 12, Қордай ауданынан 6, Мойынқұм ауданынан 3, Талас ауданынан 16 және Жуалы ауданынан 15 жоба мақұлданды. Жалпы 158 жобаның арқасында 400 адам жұмыспен қамтылатын болады, – дейді басқарма басшысы.
Мемлекеттің дамуы үшін шағын және орта кәсіпкерлік дамуы қажет. Бүгін 400 жұмыс орнын ашқан 158 азамат болашақта ірі кәсіпкер болады деп сенеміз.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер