Тоқаев жаңа еңбек министрін тағайындады

2874
Adyrna.kz Telegram

Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін Бердібек Сапарбаев басқарған болатын.

Біржан Нұрымбетов туралы не білеміз?

Біржан Нұрымбетов 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Луговой ауданы Абай ауылында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің "Механика және қолданбалы математика" факультетін, сондай-ақ, Алматы экономика және статистика академиясының "Қаржы" факультетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі

1993-1996 жылдары – Жамбыл қаласы салық инспекциясы бөлімінің басшысы, салық инспекторы;

1996 жылы – Жамбыл облысы әкімі бірінші орынбасарының кеңесшісі;

1997 жылы – Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі;

1997-2008 жылдары – "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Жамбыл облыстық филиалының директоры;

2008-2009 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы;

2009-2012 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2012-2015 жылдары – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;

2015-2017 жылдары – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

2017 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың қарашасына дейін – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2017 жылдың қарашасынан Қазақстан кәсіподақтары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Отбасы

Үйленген, әйелі Айжан Сәрсенбекқызы Оспанова. Балалары Сағи Нұрымбет және Санжар Бидайбек.

 

Пікірлер