Павлодар облысының әкімі қытайлық қант зауытымен келісімге қол қойды

4903
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі уақытта Павлодар облысының әкімі Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің VI отырысы өтіп жатқан Бейжіңде жұмыс сапарымен жүр. NAALE компаниясының басшысы Чжан Ци мен Болат Бақауов 2020-2022 жылдары Павлодар облысында қант зауытын салуға келісті, деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес, қытайлық инвестор бір жыл ішінде Павлодарда NAALE кеңсесін ашып, жобаны жүзеге асыруды бастайды. Зауыттың  қуаты - жылына кемінде 110 мың тонна қант.

«Облыс басшылығы кәсіпорынды салу үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның барлық мәселелерімен айналысады», - деп түсіндірді Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  - Сонымен қатар, жеңілдетілген салық салу және инвестициялық субсидиялар бөлігінде инвесторлар мемлекеттік қолдаудың барлық қол жетімді шараларына сенім арта алады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында, Бейжіңде CNOOD Asia Limited компаниясымен қант зауытын салу туралы меморандумға қол қойылды.  Зауыт жылына 250 күн жұмыс істеп, 750 мың тонна шикізатты өңдеп,  жылына 100 мың тонна тәтті қант  береді  деп жоспарланған болатын.  Жоба бойынша облыста қант қызылшасының тәжірибелік екпелері жүргізілді.

Павлодар облысының әкімі Фуцзян провинциясының Фуцин қаласы әкімшілігімен ынтымақтастық туралы тағы бір келісімге қол қойды. Тараптар «Бір белдеу - бір жол» ынтымақтастық аясында қазақстандық-қытайлық халықаралық агроөнеркәсіптік парк құрылысына қатысады.

"Адырна" ұлттық порталы

Сурет авторы Валерий Бугаев

Пікірлер