Қазақ пен Қонақ. Қонақ пен Құдай

3958
Adyrna.kz Telegram

Ежелгі дәуірде өзегі талып жеткен қонақты Дала Иесі қазақ құдайы қонақ деп жатады. Яғни Құдайдың қонағы, әдейілеп жіберген, Көктен белгі берген, аян түскен жан емес, жай жүргінші, жат жұрт, бөтен түсінік қордасы, алыс жаңалық айтушы пірдей тосылып, пайғамбардай күтіледі...

Измаил Кадардың әйгілі «Бұзылған сәуірінде» «Албан үйі Құдай мен қонақ мекені» делінеді. Ұлы қазақ тұрағы Тәңір мекені, ғибадат салып шығынданбайды. Егер христиан дінінде Құдай елеусіз нұр болып келіп, Құдай Ұлына айналса, Зевс те осы тектес сипатта көрінсе, Дала мәдениетінде жасырын мейман түсінігі жоқ. Қазақ қонағы ежелгі түсінікте тең, артығы жоқ. «Адамдар адамдарға қонақ екен», «бәріміз де қонақпыз», «тән жанға қонақ» т.б. бұзылмас пайым. Егер Ел ішіне еніп,  өмір өзегін Жұртпен байласа, ол «кірме»,  жерлес те, отандас та емес.  Қонақ емес.  «Канундағы» айтылар сөз де осы, «Қонақ жарты Құдай...аяқ асты келген қонақтың тәңірлік бағасы артық...  Есік қаққан қонақтың дыбысынан, бір ұрпақтың өлімі мен өмірі шешіледі. Міне таулық албандық үшін қонақ бағасы.»

Бертран Вестваль «қонақ бойында құдай патшалығы белгісі бар» десе, қазақ тағдыр шолғыншысындай «құтты қонақ келгенде» деп байлам пішеді.  Ескі жұрт Гректерде қонақ ұғымы, сағыныш, ностальгия (nostos-қайту) сөзімен байланысты. Итака ата жұрт, Одиссей үшін балалық шақ, жар сүю, барып өлер, жан тапсырар жер. Ұзақ жол, елге қайту, жатта қонақта болу – бәрі Зевс бастаған құдайлар ісі.  Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай да – тағдыр жазуымен, бөтен мекен де мейман болатындар. Олар басқалар арасында қалмайды, григорий лентасын жүргізбейді, олар – батырлар болса да, Дала заңын тәу етер қонақтар. Түркілік Қапқазда «қонақ» ұғымы,  құдай заңы үйлесімділігімен құрметтеледі.  Лермонтов,  Толстойдың таңдана айтары содан.  Жауы болса да төріңде құдайы қонақ.  «Үйіңе келсе, үйдей өкпеңді айтпа».  Майбасарларды соққыға жыққанда, Құдайбергенді алып қалады. Себебі ол – қонақ. Саяхатшы қонақ. Қонақтың бұл түрі өзгелерден бөлек.  Халықта қызың Қырымға, ұлың Ұрымға кетсін деген қияс қарғыс, оқшау сөз, шығандық ұғым,  қазақ арғысы, қол ұстар жерін, ой жетерін көрсетеді. Әлемдік кейіпкерлер, Инандар, Гильгамеш, Орфей, Одиссей, Енейлер – мақсат үшін бас тігіп жолға шыққандар.  Кереметтерді көрер жандар екі бағытта жолға шығады. Көкке немесе Жер астына.  Шамандық қабылдауда жан жеке бөлініп шығып Әлемді аралайды. Діндік саяхатшылар, әсіресе христиандықта жол жобасы былай болмақ. Өз елі, қала орталығы, ғибадатхана, михраб, құрбандық.

Ертектік жол сапар үй, есік алды, дала, батпақ, ұра, үңгір, басқа әлемнен тұрады. Л.М.Хокарттың «жол ашу» концепциясы, жолға шығар алдындағы Батадан танылады. Бүгінгі «жол аштыру» үшін салдырар құмалақ, ырым, жоралар «өмір жол»деген түсініктен хабар береді. Бұл Буддалық «дао жолға» ұласқан. Қазақстандағы бүгінгі қол жайған лақай тәжіктер – үнділердің ең төменгі касталарының, дәнін жолдан іздеген бір түрі.  Біз білмес бермесіңді алар, сұрамшақ қонақ. Бізге қатысты тұсы бар Рубрук, Карпини, Фадлан еңбектері жаулаушы жұрт, еңселі этнос өкілдері жол сапар жазбалар, барған елдің қонақ кәдесі туралы айтады. Бірақ қазақ танымы өлшемімен жазылған төл туынды жоққа тән, тек Бабыр, Шоқан, С.Шарипов жазбалары дәтке қуат.

Кемел мекен,  Қонақжай Ел бейне армандай айтылды.  Асан Қайғы іздер Жерұйық, сол аңсардың заттанған сипаты. Ақтанбердіге жеткен осы шекер тілек, Қазақ Елінің аман қалуына әкелді...

Авестадағы рай, ежелгі үндідегі райыс, гректегі парадиз, ирандағы пайри ғайза түркіден бұлақ алады. Кампанелланың «Күн қаласы», И.В.Андреэнің «Христионополисі», Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарынан» ту түзеген. Канондық діндер, өмір сапар, оның соңы тілек сұрарын табар қасиетті Жан Қонақ Үйі деп Жұмақ,  Рай,  Едемді айтады. «Менікінен бөлінген мен» о дүниеде тыным табады. «Қай жерде үзілерсің қайран сапар». «Бугенвилдтің сапары» арқылы Еуропа тайтиліктер туралы білді. «Қосымшада» Дидро арал қонақжайлылығын қызықтай айтты. Бернардан де Сен Пьердің «Үнді лашығы да» соған мысал, Хиршвельдтің еңбектері осылар қорытындысындай.  Рене Шерер утопистердің қонақжайлылық туралы , талдай жазғаны біздің керегіміз.  М.Қабанбайдың «Жиһанкез Титиі» жаңа соқпақ болатын.  Бейқонақ. «Қауіп еткеннен айтамыннан» соң, қонақтың басқа сипаты көріне бастады. Бұрынғы мейман ұғымы, тұтқын Абылайдың қонақ дәрежесін сақтаған, қазақтан тыс жоңғар империясы тараған соң, (құрыған емес,  оларды қырған дала Келесінен тыс қытайлар) Далада Күш заңы,  зорлық басымдық алды. «Шақырылмаған қонақ татардан жаман» делінер лебіз, Пушкиндегі «ызалы қонақтар» – серпіліс дәлелі.

Қонақ дәрежесі, орны, міндеті әр жағдайларда өзгеріп отырады. Қонақ бөтен үйге кіреді. Ошақ егесінің рұқсаты немесе келіспеуі майданға әкеледі. Пазолинидің «Теоремасы» соны айтады. Осы консептіні негізге алсақ бүгінгі Қазақ еліндегі өріп жүрген, жат жұрт ділге дәйек.  Егер Олар Жармақ образында, тең жау есебінде көрінсе, Кеңес шағында алымды аға, биік бедел болып дәрежеленді.  Абай аузына «дүние кілті – орыста» деген сөз салынды.  Мұхтар,  Сәбит,  Тәкендер сол сөзге жан салды. Мәйегі Құнанбайдан емес, Михайлэстен екені шегеленді. Тіпті қонақ емес, жер ауған Достоевскийлер ұлықталды. Шындығында олар міскін еді.

Кеңес идеологиясында бар адамзат теңесіп, қазақ ұлты ардагерлері шеттелді. Қонақсыз қазақ тың игеру деген желеумен келген отан ұғымынан ада, ақша тапқан жерін жерұйық көрер өзгешелерді тосып алды.  Мағжан аударған В.Ивановтың «Бала» әңгімесіндей, баласын өлтіргеннің,  баласын емізді. Бірақ олар «Бір атаның балалары» емес болатын.  Ұлт басшылары кеткен соң «Галат жолдауы» басталды. «Иуда жоқ, дінсіздерде, ер жоқ, әйел жоқ.  Біз бәріміз бір Иса шоқындырушыдамыз» 3;25-28.  Бірақ бірдейлер ішінен Нюра кемпір шығарын Оралхан айтты.  Ефесянға жолдау, 2;11-12 «Сендер – бөтен де, келімсек те емессіңдер, сендер Құдай адамысыңдар».  Он тоғызыншы ғасырда сорлы бала мекен жайсыз,  адрессіз хат жазса, Кеңес кезінде оның керегі болмай қалды. «Менің адресім Кеңес Одағына» айналды. Қазақ елінде тұратын, бірақ қазаққа айналмайтын,  өзін қонақ санамайтын, алашты кемшін көретін жұртты кімге қосуға болады.  Олар мен арамызды эгзогамия да қоспайды.  Әсер етер, сөз өткізер тетік жоқ. Орыс Алтын Ордаға қызын беріп, қайығын тосып,  жол салды. Ел болды.  Неміс диктаторы, қанішер А.Гитлер «Менің күресімде» «еврейлер паразиттер, олар еш ұлтқа сіңбейді», – деген-ді.  Басқа ұғымды, түсінігі шалғай, бірақ сол жұртты бастағыш Маугли мінезділер Малазия ұшағын құлатуда. Маугли ғана емес, Киплинг – жатжұрттық.

Елуінші алпысыншы жылдар басылым беттерін ақтарып отырып,  Қазақ еліне келіп жатқан, ағылған, топан тасқын мәскәуліктер, киевтіктер, ленинградтықтардың бақытты жүздерін жан ауыра қарап шықтық. Фото суреттердің бірінің астында қонақ деген сөз жоқ. Тосып алу бар, шығарып салу жоқ. Жат жұрт еліне қайтса, табынын тапқаны. Дүниесіз қалса, көтеріп әкелген ештемесі жоқ. «Қайырлы болсын сіздерге»  Қазақ ғана кесіп айтар сөз. Егер еліміздегі басқа ұлт Қазақ мемлекеті сөзін айтса,  қазақтық.  Ал егер Басқа елдің сойылын соқса, біздің жатымыз.  Ол қонақ та, елдес те емес. Кешегі Жапония білмейтін «жапон шпиондары»-шейіт. Қонақ сөзі түбірі – қону, демек кетуі шарт.  Еуропадағы қонақ ұғымы орыста гость делінсе, ары жағы «хоспис», ауру адамды күтер жер, мүсәпірхана деуге болады.  Кейде жау дегенге де кете береді. Француздар les hostilities деп соғыс ісін атаса, otaqe деп тұтқынды айтады.  Hostaqe – ағылшын тіліндегі нұсқасы. Үй егесі қонақ кеткен соң ғана, ошақ басын жинамақ, қалпына келтірмек. Ордасын тікпек, қорасын жөндемек. Жатқа жалтақ, соның жайын ойлайтынның, өз ұлтына уақыты жоқ. Тәу қонақ. «Мен келдім музейіңе жолым түсіп, Егілдім рухыңды сүйіп-құшып» деген Ғ.Қайырбеков сөздері, тәу ете барған жанның жайынан хабар бердіреді. Қазақ еліндегі Түркістан,  Бекет Ата,  Ырғызбай бастары әдейі барған, тәу еткен жолаушыларды көрсетеді.

Мұсылман қауымы-қажылық, Кора – Үнді, Непал, Тибеттіктер барар діншілдер жолы. Ламашылдар үшін – Лхас, үнділіктер үшін – Праяга, Варанаси, буддашылдар мен синтойстар үшін – Нары тәу қонақтың барар, жетер мұраты. Бұлар жолға шығарда мол дайындық, сарбадал сынақтан өтеді. Бұған дейін жасалған заң,  этикетті бұзбайды. Тіпті өлімге бас тіге, дайындықпен барады. Құнанбайдың соңғы сөзі – ойға тірек. «Құнанбай кеудесін көтеріңкіреп, қарсы алдына жалғыз көзін салмақпен қадай отырып,сөйлеп кетті:
– Сендер мені осы сапарға қимайтын сияқтанасыңдар. «Қартайған шағында қайда шырқап барады, қайта оралып көрмейміз-ау,кеткені-ау!» деп есіркеп қарайсыңдар! Осыларың мынау жолға мені қимау емес, маған осы жолды қимау болады. От басында немереге, ас басында келінге, мал басында малшыға; «әй, өй» деп отырып өлетін бай-бай шал болып өтсем, не мұратқа жетер ем!? Бұл сапар – менің ендігі қалған тірлігімнің мұраты. Бәріңе айтар бір өтінішім осы жолда ақ бұйрықты ажал сағатым жетіп, қаза тапқаным естілер болса, сол шақта да бірде-бірің мені аяп, мүсіркеп; «әттең өкініп өлді-ау,арманда кетті-ау» деп еске алма. Оларың маған достық емес» [1, 256]

Яғни, тәу қонақ барған жерінде қалса армансыз. Сәбиттің Аңдамасындай [2] араб заңын өзгертуге тырыспайды. Тек бұл танымға «кресшілер жорығы» ғана жатпайды. «Қасиетті жер» қай кезде болмасын үгіт идеология қаруы болған. Сақтар қасиетті молалары үшін қан төккен, «Ленинградтық өрендер» революция бесігінде аштықтан өлді, Сталинград атауы екі диктатордың қанға шомылуына мүмкіндік берді. Бүгінгі жатжұртшыл БАҚ не десе де, сақтікі сахи өлім.  Тұтқын қонақ.  Бұл да – ежелден келе жатқан қонақ  түрі. Кейде мырза қонақ деуге болады. Ескі заманда түркілерден қалған.  Классикалық үлгісі – Анахарсис. Ол үшін гректер жат.  Түсінігі тыс.  Кетерге шамасы жоқ.  Алтын Ордадағы мол жүрген орыс кінәздары аманат.  Сол аманаттар Ресейге түркілік билік пішінін алып келеді. Кейін орыстар ес жинағанда түркілерді аманатқа ала бастады.  Ораз-Мұхаммед образы соны көрсетеді. «Келер аптада Ораз-Мұхамед құдретті патшалықтың ақтажы бояр аталатын бас уәзірі Барыс бектің өзімен жүздесті.  Үсті-басы шұбар темір,  қабағынан қар жауған, алып тұлғалы құбыжық болар деген.  Омырауына маржан төгілген қасабы шапан, биік бұлғын бөрікті,  ортадан жоғары ғана бойы бар,  майда тілді,  жылы жүзді кісі екен.  Қол алысып амандасты. Жол жөнін,  амандық-саулық жайын сұрады.  Тұтқын емес,  құрметті екенін айтты. Ораз-Мұхамед өз құлағына сенбеген.Үстіне алтынды,  сусар ішік жабылғанда ғана есін жиды... Қазақ Ордасының ханзадасы Ораз-Мұхамед Онданович сонда ғана бүкіл күнбатыс бетке әмір жүргізуші құдіретті қамқоршыға құлдық ұрған» [3]

Бұдан басқа мысал жоқ.  Шетте жүрген қашқын олигархтар,  саясаткерлер – тұтқын қонақтың жаңа сипаты.

 

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер