Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қызметінің тиімділігіне президент әкімшілігі сараптама жүргізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28-29 наурызда Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында әкімге қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма бергенін атап өтті.
«Қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр. Әкім қызметінің тиімділігіне Президент Әкімшілігі сараптама жүргізеді. Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады»,—деп түсіндірді Руслан Желдібай.