Астаналық жасөспірім Гарвард бағдарламасынан $3500 стипендия ұтып алды

1293
Adyrna.kz Telegram

Астаналық 16 жастағы Арсен Қалиев Harvard Undergraduate Ventures-TECH жазғы бағдарламасына өтіп, 3500 доллар стипендия ұтып алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы digitalbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Арсен бағдарламалауға 10 жасынан бастап қызығып, өздігінен және курстар арқылы білім алған. Ол екі ІТ-жоба жасаған.

myCareAI — жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсететін Telegram-бот және CardioAlertBot — жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін анықтайтын бот.

Бұл жобалар Арсеннің жеке қажеттілігінен туындаған. Алғашқы бот — өзіне қажет болса, екіншісі — жүрек ақауы бар әжесіне бақылау жасау барысында пайда болған. Боттар қарапайым интерфейспен жасалған және жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларына негізделген.

Арсен сондай-ақ FizMat Mentors бағдарламасын құрып, онда РФМШ түлектері мектеп оқушыларына шетелге оқуға түсуге көмектеседі. Бұған дейін ол фриланспен табыс тауып, тапқан қаржысын өз жобаларының дамуына салған.

Болашақта Арсен шетелдік университетке Computer Science мамандығы бойынша оқуға түсіп, жасанды интеллект пен цифрлық денсаулық сақтау саласында дамуды жоспарлап отыр. Ол әлемдік деңгейде әсер ететін стартаптар ашуды армандайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер