Шекара ашық қалды

6077
Adyrna.kz Telegram

"ЖАУ КЕТКЕН СОҢ ҚЫЛЫШЫҢДЫ БОҚҚА ШАП...", -деп атам қазақ баяғыда айтып кеткен... Шекара бос қалды. Бұл ақиқат! Шекараны тұрғын халықпен шегендеуді біздің үкімет осыдан ЖИЫРМА ЖЫЛ бұрын ойлауы керек еді...

Анау Қытайға 3-ақ шақырым тұратын Ахметбұлақ ауылының (ШҚО, Тарбағатай ауданы) аумағына кіре салысымен қолыңыздағы ұялы телефоныңыз" Қош келдіңіз Қытайға! "дейді. Қытай шекара шебіне телекоммуникациялық құрылғысын, қаласын баяғыда салып тастаған... Қалаларының жарығы самаладай... Ал бізге не жорық!? " Қайнайды қаның...

"Шекаралық ауылдарды дамытамыз" дейді! Алдымен бір шенеуік кабинетінен шығып шекаралық ауылдардың жағдайын өз көзімен көрді ме екен!? Үдере көшу, осыдан жиырма жыл бұрын басталып кеткен. Құлаған үйлер, тастап кеткен баспана, ілдебайлап ағаш бала жинаған мектеп... Көретін көз бар да, көңіл бөлген кім бар!? Қазақтың ауылы құрып барады деп зарлағалы қашан?? Билік өте жай қимылдады... Кешікті...

Шекарадан қытайдан қашқандар спокойно өтіп жатыр... Бұрын тұрғындар бөтен" шыбын" көрсе өре түрегелетін. Қазір шекара ешкімге керек емес... Жанын баға алмай, тапқан таянған малын біресе ұры алып, біресе қасқыр талап жатқан отыз үйлі ауылға шекараның шебі не керек!? Бұрын патриот еді, ауылдың халқы... Қазір үмітсіз діктен қайырсыздықтан, алдаудан шаршаған ауыл...


Үңірейген үйлерден азынаған желден басқа түк қалмағандай... Жаным ашиды.. Үнсіз қала алмадым... Әттең осыдан жиырма жыл бұрын ауыл естеріне түскенде гой...

Шәкен Көпшікбаева

Тарбағатай аудандық Мәдениет Үйінің директоры

Пікірлер