Меркі ауданының мерейі үстем (Фоторепортаж)

6712
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының аудандарының ішінде Меркі ауданы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан көш бастап тұр. Себебі ауылдың кәсіпкерлері тынбай еңбек етіп, ауданның тұрмысын тіктеп тұр. Сондай-ақ Меркі ауданында Тұңғыш Президент күні және ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында бірнеше нысан пайдалануға берілді.

ҚР Тәуелсіздің күніне орай Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округіне қарасты Аралқыстақ және Тәтті ауылдық округіне қарасты Беларық ауылдарында медициналық пунктер ашылды. Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекелері қарсаңында ауданда жоспарланған 12 амбулаториялық пунктің 10-ы пайдалануға берілді.

       

«Меркі» ірімшік 1954 жылы іске қосылған бұл кәсіпорын күнімізге дейін қызмет беріп келеді.  Жылына 6 мың тоннаға дейін сүт қабылдап,сүт өнімдерінің 20-ға жуық түрін шығарады.

Биыл білім күні қарсаңында Ақтоған ауылдық округіне қарасты Қазақ Дихан ауылында 120 орындық мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі таңда аталған мектепте 108 бала білім алып жатыр.

Мақсұт Несіпбаевтың  «Ар-Ас» шаруа қожалығы 100 бие сауып, соңғы технологиялармен жабдықталған құрылғылардан күніне 70-100 литрге дейін қымыз шығаруда. «Тау қымызы» аталған қымыз шөлмектерге құйылып, еліміздің бірнеше өңіріне экспортталуда. Германиядан әкелінген бие сүтін салқындатқыш, жылытқыш құрылғылар қымызды үш айға дейін сақтауға мүмкіндік тудырады. Қазіргі таңда шаруашылық 100 биені сауып, күніне 500 литр бие сүтінен дайын өнім жасап шығаруда.

Ақтоған ауылының тумасы Данияр Әбдіразақ облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен лимон өсірумен айналысып жатыр. Аталған азамат қайтарымсыз екі жарым миллион грант ұтып алып, өз жылыжайында отырғызылған 600 түп қиярының арасына 30 түп лимон егіп, облысымызда алғашқылардың бірі болып осы кәсіпті өз қолына алып отыр.

Ақермен ауылдық округінің  тұрғыны Сәкен Мәутенов құс шаруашылығымен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Кәсіпкер 1000 бройлер балапан кезінде Меркіден 260 теңге, ал Алматыдағы құс фермаларынан 180 теңгеден алған болатын. Жалпы, 1000 тауықтан 2,5 тонна құс етін алып, 4 айда 1 млн. теңге табыс табады.

Меркі ауылында орналасқан «Минасип» шаруа қожалығының жетекшісі Алисұлтан Ахметов «Ырыс» несиелеу бағдарламасы арқылы 4 пайызбен несие алып, сүт шарушалығын дамытып отыр. Қазіргі таңда ол 100 бас сауынды сиырдан күн сайын 2 тонна сүт өндірілетінін айтады. Шаруашылық олардан түскен сүттің әр литрін 82 теңгеден «Меркі ірімшік зауытына» өткізеді.  Шаруашылықта 8 жұмысшы қызмет етеді.

«Жас кәсіпкерлерді» қолдау бағдарламасымен қайтарымсыз 505 мың грант алып, Дәулет Нағымет мен Ринат Өмірәлиев «Керуен» сауда үйінде киімге жазу, сурет салатын орталық ашты.

"АДЫРНА"

ұлттық порталы

Пікірлер