Ұшақ апатынан ажал құшқандар арасында әуе кемесінің командирі, 1962 жылы туған Марат Мұратбаев та бар.
Қаза тапқан 12 адамның тізімі:
1. Николай Астанов, 1971 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;
2. Рустам Қайдаров, 1940 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;
3. Бауыржан Қалиев, 1974 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;
4. Базархан Кәрібаев, 1951 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;
5. Марат Мұратбаев, 1962 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;
6. Абай Нұрбеков, 1986 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;
7. Аршат Исина,оқиға орнында көз жұмған;
8. Сәния Аманжол, оқиға орнында көз жұмған;
9. Дана Круглова,1984 жылғы, Алматы әуежайында қаза болды;
10. Қайырхан Туматов, 1955 жылғы, Алматы әуежайында қаза болды;
11. Валерий Ануфриев, ауруханада көз жұмды;
12. Имина Оспанова, 1963 жылғы, ауруханада көз жұмды.
Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы қаласының шетінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.
Ұшақ бортында 93 жолаушы, соның ішінде төрт шетелдік азамат және 5 экипаж мүшесі болған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын жеткізді.