Петропавлда дәрігерлер Тайландтан келген отбасында қауіпті инфекция бар екенін жоққа шығарды

2242
Adyrna.kz Telegram

Шамамен бір апта бұрын петропавлдық отбасы Тайландтан екі апталық демалыстан кейін оралған болатын. Бірнеше күннен кейін қала тұрғындарының жағдайы нашарлап, олар медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьяловтың айтуынша, отбасы елге қалыпты температурамен, вирустық және респираторлық аурулардың белгілерінсіз оралған. Қалаға оралғандарына 5 күн өткен соң олар әлсіздік сезіне бастаған. Кейінірек бір күн бұрын ата-аналар тұмауратып, жөтелі мен температурасы бар адаммен байланысқа түскені белгілі болды.

- Келесі күні алдымен балаларда, содан кейін ата-аналарда вирустық инфекцияның клиникалық белгілері пайда болады – температура, жөтел, мұрынның ағуы, дененің ауыруы және т.б. 3 күннен кейін олар ем тағайындаған учаскелік дәрігерге жүгінді. Алайда келесі күні жағдайлары жақсармаған соң, дәрігер оларды инфекциялық бөлімге жатқызуға шешім қабылдады », - деді Олег Завьялов.

Ол, сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі науқастар мен дәрігерлер арнайы киімде жүрген видеоға да түсініктеме берді. Мемлекетте адам денсаулығында коронавирустық инфекцияға күдік туындаған кезде алғашқы көмек көрсету алгоритмі өзгертілгені белгілі болды.

- Егер бұрын арнайы костюмдер тек Қытайдан коронавирус күдігіпен келген адамдарға арналған болса, енді бұл ереже олар жұқтырғандарын анықтаған елдерге, соның ішінде Тайландқа да қатысты. Сондықтан жедел жәрдем мамандары осы ұсыныстардың аясында арнайы қорғаныс құралдарын қолдана отырып әрекет етті», - деді О.Завялов.

Жедел жәрдемнен коронавирусқа күдік бар науқастардың жеткізілуі туралы ақпарат балалар инфекция бөліміне келді. Бұл бөлімнің кіші және орта медициналық қызметкерлерінің барлығы тиісті форма киінген. Науқастар жалпы кіреберістен емес, Мельцер қораптары орналасқан бірінші қабатқа жеткізілді, ал ол жаққа көше жақтан да, бөлімнен де кіруге болады.- Біз зертханалық зерттеулерге материалдар алдық, біраз уақыттан кейін коронавирус инфекциясының болуы жоққа шығарылғаны белгілі болды. Осы отбасының төрт мүшесінің барлығы А-тұмауына шалдыққандығы анықталып, расталды, қазіргі уақытта әкесі ересек инфекция бөлімінде емделуде, анасы екі баламен балалар инфекциясы бөлімінде жатыр, - деді аурухананың бас дәрігері. Оның айтуынша, науқастардың жағдайы тұрақты. Олар барлық емді А-тұмауына қарсы медициналық көмек стандартына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтаған алгоритм мен схема бойынша алып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы