Коронавирус Швейцария мен Алжирге де жетті

3296
Adyrna.kz Telegram

25 ақпандағы жағдай бойынша, коронавирус Швейцария мен Алжирде анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Коронавирустың алғашқы белгілері расталды", - деп мәлімдеді швейцариялық Денсаулық сақтау министрлігі Twitter желісіндегі парақшасында. Blick басылымының мәліметінше, науқас Италиямен шекаралас орналасқан Тичино аймағында анықталған.

COVID-19 тіркелгені туралы Алжирдің денсаулық сақтау министрі Абдуррахман бен Бузейд хабарлаған. Оның сөзінше, коронавирус 17 ақпанда елге келген Италия азаматынан анықталған.

"Науқасқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр, ол карантинге жатқызылды", - деді министр.

Сондай-ақ, вирус Германияда да анықталған. Германияда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 18. Ал Италияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 10-ға жетіп, 322 адам  ауруханаға жатқызылған. Вирус көбіне Ломбардия облысында анықталған. Коронавирустан қайтыс болғандардың көбі егде жастағы адамдар.

Соңғы мәліметтер бойынша, Оңтүстік Кореяда тағы 169 адам коронавирус жұқтырып, бір адам қайтыс болған. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны - 1149 болса, қайтыс болғандардың саны - 11.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер