«Абайтану әлемі» 

3194
Adyrna.kz Telegram

Абайдың 175 жылдығына арналған «АБАЙТАНУ»  онлайн апталығы өз мәресіне жетті. 31-наурыз бен 6-cәуір аралығында (2020ж.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз және элекетронды БАҚ кафедрасы мен  профессор Барманқұлов атындағы «ТЕЛЕЗЕРТХАНА» ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен апталық журналистика факультеті студенттерінің данышпан Абайдың қара сөздері, табиғат, махаббат лирикасы турасындағы пікірсараптарымен басталып, журналистика мамандығын таңдаған талапкерлердің ұлы ойшылдың білім, ғылым, өнер, адамгершілік пен ізгілік тақырыбындағы жырлары жайлы ойтолғамдарына ұласты. Абайтану апталығының нүктесін қызылордалық талапкер Ердәулет Қалиев өзнің «Абай – ұлт биігі» деп аталатын телетуындысымн қойды. Болашақ журналистер мен балғын талапкерлердің  тікелей эфирдегі шынайы сырласу сәттерінің куәсі болған оқырмандар Абай мұрасының кәусар бұлағынан сусындап, рухани нәр алды. 

Әбдіжәділқызы Жидегүл

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 Баспасөз және элекетронды БАҚ кафедрасы

Пікірлер