Жоғалған велосипедтерді "Сергек" тауып берді

2282
Adyrna.kz Telegram

Өскеменде полиция «Сергек» камерасы арқылы жоғалған велосипедтерді тауып берді.

– Белгілі компанияның басшылығы мекеме жертөлесіндегі екі велосипедтің жоғалғанын бірден байқамаған. Олар жертөлеге былтыр қазан айынан кейін енді ғана (14 сәуірде) түскен де екі велосипедтің жоқтығын байқаған. Дереу полицияға хабарлаған. Шығын мөлшерін 220 мың деп атап көрсеткен, – деп жазылған қалалық полиция басқармасының ақпаратында.

Ақпаратта айтылғандай, ұрлықтың «Сергек» камерасы арқылы 10 сәуірде болғаны анықталған. Екі күдікті жертөле есігін бұзып, екі велосипедті алып кеткен.

Қазіргі уақытта велосипедтер иесіне қайтарылды. Күдіктілерге қатысты қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер