Жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылатындар белгілі болды

3709
Adyrna.kz Telegram

Жыл соңына дейін ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен спорттық нысандар, мүлік салығынан босатылады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев ОКҚ брифингінде айтып берді.

Қоғамдық тамақтану, қонақ үй және туристік қызмет салаларындағы салық төлеушілер де мүлік салығынан жыл соңына дейін босатылады.

«Ал жеке практикамен айналысатын тұлғалар, яғни нотариустер, адвокаттар, сот орындаушылары мен медиаторлар 1 қазанға дейін мүлік салығын төлемейді. Сонымен қатар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке табыс салығынан босатылды», - деді М.Такиев.

Сондай-ақ, ауыш шаруашылығы өнімін өндірушілер де жер салығын төлемейді.

«1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін микро, шағын және орта бизнес субъектілері 29 қызмет түрі бойынша еңбекақы төлеу қорынан салық және басқа  міндетті төлемдерден босатылды», - деді ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі жарлыққа сәйкес бизнесті қолдау үшін жоғарыда аталған салықтық шаралар қабылданған.

Хабар 24

Пікірлер