Ақан Сатаев президент болып тағайындалды

609

Белгілі режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне келді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

"Қазақстан мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ақан Сатаев Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті болып тағайындалды", - делінген ведомствоның сайтында.

Ұжымға жаңа басшыны вице-министр Нұрғиса Дәуешов таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі. "Қазақфильм" АҚ президенті лауазымын бұған дейін Арман Асенов атқарған.

Ақан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін тəмамадаған.

2003 жылы "Sataifilm" студиясының негізін қалап, 2007 жылы "Рэкетир" атты алғашқы толықметражды фильмін, "Адасқан" мистикалық триллерін (2009), "Ағайынды" сериалын (2009), "Ликвидатор" психологиялық драмасын (2011), "Жаужүрек мың бала" тарихи фильмін (2012) түсірген.

Сонымен қатар "Районы" криминалдық драмасы мен "Анаға апарар жол" тарихи драмасының (2016), "Бизнесмены" (2018), "Томирис" (2019) жəне тағы басқа кино туындылардың режиссері.

Ақан Сатаев  2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығына ие болды.

2016 жылы жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы