Коммунистердің ұлтшылдарға шүйлігуі «ұлы майдан» ба әлде қарабайыр хайп па?

3475
Adyrna.kz Telegram

Тамыз айының басында «Қазақстан коммунистік халық партиясының» өкілдері елдегі ұлтшылдарың іс-әрекетін жіті қарау керек деген мәселе бойынша ҚР-ның бас прокуратурасына ашық хат жолдаған болатын.  Коммунистердің атышулы бастама көтеруінің астарында қандай емеурін жатыр? Жағдай қалай өрбуі мүмкін деген мәселелерді camonitor.kz сайты қоғам белсенділерінің талқысына тастапты.

Ұлтшылдық – қылмыс емес

- ҚКХП-ның мәлімдемесі ұлттық және тілдік мәселелерді шешуге қатысты экстремалды көзқарас өкілдерінің саны артуына алаңдаған электоратты тарту мақсатында жасалған сайлауалды қадамға ұқсайды. Бұл дегеніміз – іс жүзінде коммунистік идеяларды қолдайтын жанашыр электораттың жоқ екендігінің белгісі. Ал, ҚКХП-ның алдағы сайлауда Парламентте қалғысы келетіні белгілі дүние. Бас прокуратураға ҚКХП-ның мәлімедемесіне жауап беру оңайға соқпасы анық. Себебі,  «радикалды ұлтшылдар» деген қандай ұлтшылдар? Оны кім қалай түсінеді және олар қандай жағымсыз әрекеттер істейді деген мәселелері  нақты емес. Жалпы алғанда ұлтшылдықтың қайсысын алып қарасаңыз да экономикалық ұлтшылдық, саяси ұлтшылдық, мәдени ұлтшылдық қылмыс болып табылмайды,-дейді саясаттанушы Ғазиз ӘБІШЕВ.

Ал тәуелсіз журналист Мирас Нұрмұхамбетов ҚКХП өздерін «бесінші колонна» ретінде көрсетті дейді.

- ҚКХП өзін «бесінші колонна» және Қазақстандағы коллаборационизмнің әлеуетті көзі ретінде көрсетті. Сондықтан бас прокуратураға олардың өзіне назар аудару керек. Өйткені, үндеуде ұлтаралық араздықты қоздырудың тікелей және жасырын ноталары бар.

Сондай-ақ, ол 90-жылдары билік дұрыс саясат жүргізгенде қазіргідей проблеммалар туындамас еді деген пікірде:

- Ұлтшылдықты әркім өзінше түсінеді. Сондықтан бұған нақты жауап беру мүмкін емес. Бірақ, мынаны есте ұстаған жөн. Ұлтшылдық та коммунизм секілді соңғы үш он жылдықта мемлекеттің дұрыс ұстанбаған саясатының «жемісі». Егер 90-жылдардың басында билік большевиктердің қылмысын әшкерелеп, декоммунизация жүргізіп, саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырған болса, қазіргідей коммунистер немесе ұлтшылдар туындатып жүрген мәселелер болмас еді. Кеңес одағын ешкім аңсары ауып еске алмайтын еді. Ал дұрыс жүргізілген ұлттық саясат (бұл тілге, білімге, ауылдың дамуына, оралмандарға қатысты ) радикалды немесе қандай да бір идеологияны жақтаушыларға мүмкіндішілік бермейді.

Ұлтшылдық бір жақты дүние емес

-Бір жақты ғана ұлтшылдық деген нәрсе болмайды. Біздің ұлтшылдық деп жүргеніміз – этноұлтшылдық. Яғни, нацизмнің бір түрі. Нацизм деген Германиядағы Гитлер тұсындағы (1933-1945) нацизм емес. Оның да өз ішінен бірнеше түрі бар. Бұл Хорватиядағы усташи, Венгриядағы Хорти режимдері және Румыниядағы генерал Антонеску тағы басқалары. Бұл елдердің барлығын Гитлер жаулап алған жоқ, бірақ 1939-1945 жылдары ерікті түрде, идеялық себептермен нацистік Германияның әскери одақтастары ретінде әрекет етті және барлық майдандарда, ең алдымен Шығыс майданында Кеңес Одағына қарсы, яғни біздің әкелеріміз бен аталарымызға қарсы соғысты. Бізді өлтіруге келді. Олар шамамен 10 миллион сарбазды (санау әдістеріне байланысты әртүрлі сандар аталады: жараланудан қайтыс болған және т. б.) және 17 миллиондай қарапайым халықты өлтірді,-дейді тарихшы Нұртай МҰСТАФАЕВ.

 

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер