Тағдырдың тәлкегіне мойымаған...

630

Ол шыр етіп дүние есігін ашып жатқан кезінде, жазмыш солай боп, бет-жүзінің жүйкесіне зақым келген. Қас-қабағы, еріні, тілі өмір бойы сол зақымның зардабынан икемге келмей қалды.

Ол 11-ге толғанда әке-шешесі ажырасып кетті. Тірі жетімдік жүйкесіне ауыр тиіп, мінез-құлқы бұзылған бала 13-ке толғанша оннан аса мектептің табалдырығын тоздырды. Сабағы нашар, тәртібі төмен деген себеппен...

Мектепте оны тұрғыластары "тілің мүкіс, бойың тапал" деп үнемі мазақ етіп, сабаушы еді.

Ол 24-ке толғанша қалалық зообақта аңдардың қоршауын тазалап, күндіз қонақүйде швейцар, түнде ресторанда "ұртоқпақ" боп жұмыс істеді.

Ол киноактёр болуды армандады. Алайда, оның тіл мүкістігі мен бет әлпетінің келіссіздігі үшін оған ешбір режиссер рөл бергісі келмеді.

Ақшадан қатты тарыққан ол 24 жасында порнографиялық бейәдеп фильмге түсуге мәжбүр болды.

Ол 30 жасында шарап ішпек боп барға кіріп, сол жерде бокс жекпе-жегін теледидардан көрген соң қатты шабыттанады. Арада 2 күннің ішінде сценарий жазып, ол еңбегін бір кинокомпанияға 25 мың долларға сатқан. Оның өзінде егер басты рөлде ойнауына келісім берген жағдайда ғана сатуға келіскен.

Оның картинасы үлкен жетістікке жетіп, көрермендерді бірден баурап алады. Халықаралық киноакадемияның бәйгесінде "Оскар" жүлдесі үшін 10 бірдей номинацияға ұсынылып, оған көптеген миллион доллар табыс әкелді.

Өмір жолы көптеген ауыртпалықтармен басталып, қайсарлығы мен еңбекқорлығының арқасында әлемдік киножұлдыз атағына ие болған бұл актёрдің есімі - Сильвестр Сталлоне еді.

Оның өмірін өзгерткен фильм - "Рокки" болды.

 

Қанат ЕСКЕНДІР

Пікірлер
Редакция таңдауы