Асқар Жұмағалиев ҚР-ның Нидерландтағы елшісі болып тағайындалды

1962
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды. Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Пікірлер