Сотталғандарға амнистия жасалады

2953
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, яғни келесі жылы  азаматтар мен мемлекетке қауіп төндірмейтін қылмыспен сотталғандар амнистияға ілінетіндігін айтты.

Президен осы жиында Үкіметке 3 жыл ішінде тәртіп сақшыларының жалақысын 30 пайызға ұлғайтуды да тапсырып, оларға  15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінетіндігін айтты. Нақтырағы -   кезекші бөлімінің қызметкерлері, қарауыл қызметі, арнайы күзет ұйымдары, ведмостволық оқу мекемелері, қылмыстық атқару жүйесінің 8 мыңдай өкіліне баспана жалдауға өтемақы беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев  министрлікке қылмыстық-атқару жүйесінде нәтжиелі жұмыс істеуді, есірткінің заңсыз айналымымен күресті күшейту керектігін тапсырды.

Статистикалық мәлімет бойынша, биыл елдегі қылмыс саны 37 пайызға азайған. Есесіне үйде отырып алкагольді ішімдік ішу көбейген. Ішімдіктің салдарынан адам өлтіру 15 пайызға, жасөспімідерге зорлық-зомбылық жасау 19 пайызға артқан.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер