Есірткісіз өмір – ғажайып!

2530
Adyrna.kz Telegram

Ел ертеңінің жарқын болашағы біздер. Ендеше жаңашыл елді тың идеялармен көркейткіміз келсе, болашағымызды бүгінімізден бастауымыз қажет. Адам – ғасырдың жемісі. Қоршаған ортада зиянсыз әрекеттердің көшін бастар жол іздеп, зиянды заттарға тәуелді болуымыз қажет. Зиянды заттар дегенімізде есірткі ойымызға он оралады. Есірткісіз өмірлерін қалай ғажап өткізулеріне болатынын түсіндіруіміз керек. Әбігере салған бұл дерттің алдын алу оңайға түспесі анық. Есірткіні есі кеткенінше пайдаланып, артынша опық жейтін өзіміз. Бұл орайда ата-ананың рөлі орасан зор. Жасөспірім белгілі бір ортаға бейімделісімен оған есірткі шеккендердің өмірінің ойран болатынын, есірткісіз арман-мақсаттарына айқын жететінін, адам өмірінде ең құнды байлық денсаулығының жақсы қалыпта қалатынын жіті түсіндіруіміз қажет. Ғажайыпқа толы өмірімізді ойран-асырын шығарып, отбасымыз бен қоршаған ортамызға зиян келтіру бізге жат екенін бала жадында сақтаумыз қажет.

Есірткісіз өмірді қалай  ғажайып ете аламыз?

– Ол үшін жасөспірімдеріміз бос уақытын немен өткізу керек екеніне мән беру;

– Айналасындағы достарының қандай іспен айналысатынына назар аудару;

– Балаларды қызықтыратын үйірмелерге тарту;

  • Отбасында ата-анасымен қарым-қатынасының қаншалықты деңгейде екенін бақылау.

Осы шартарды орындау арқылы қоршаған ортамызды зиянды заттардан аулақ ете аламыз.Егер ғажап өмір сүргіміз келсе бұл індеттің алдын- алып түбегейлі жойылуына жұмыла кірісуіміз керек.

Есірткіге адам қалай тәуелді болады?

– Ең алдымен ортасына қарай қызығушылық білдіреді;

–  Әр түрлі қорқыныштардан оңай арылудың жолын іздейді;

  • Есірткінің бір дәмін көргеннен соң тәуелділік пайда болады.

Осылайша айықпас дертке тәуелділігін тудырады.Тек жасөпірімдерге ғана емес ересек адамдар да еліктеушіліктің нәтижесінде болады.Кейбір адамдар есірткіні қолданғанда кері әсерін беріп бас айналу, жүрегі айнулары арқылы дереу тоқтатады.Өкпенің қабынуының бірден-бір себебі осы есірткіні пайдалану арқылы дертке айналады. Есірткінің түтінінен де тұншығатындары тағы бар. Жасөспірімдердің бұл індетпен күресуі біздің өзекті мәселелерімізге айналып отыр. Есірткіге рухы әлсіз адамдар ғана душар болатыны сөзсіз. Оқушылар өз өмірлерін ғажап етіп өткізіне Қазақстанда көптеген шаралар жүзеге асып жатыр. Мен келешекте өз елімді есірткісіз елестетемін. Жастарымыз да осы жолда өз үлестерін қосып, көзі ашық, көкірегі ояу елдің ұрпақтары екенін ұғынып өз өмірлеріне жаңашылдықтар енгізіп келе жатыр. Ата-бабамыздың жауға тізе бүкпей, тәуелсіз болмай ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап берген жерін есірткінің тәуелділігіне салынбай жаңарған заманды ғажап етіп өткізу өз қолымызда.Үлкен болып қалу үшін ғаламда,Үлкен арман керек екен адамға демекші, үлкен арманның жетегінде жүріп есірткісіз де өмірінің ғажап болатынын  білесің.

                                            №67 орта мектебінің оқушысы Ләззат ҚАРАСАЕВА 

 Қызылорда облысы, Арал ауданы

#ОПД ЕҚҚIҚБбайқауына

#наконкурсУПДДПКЗО

Пікірлер