«Намыс» жастар қозғалысы Алматы қаласының әкіміне талап қойды

4741
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының қақ ортасында, Сарыарқа саябағында бір кездері өз идеологиялары үшін қазақты барынша қанаған, мейлінше пайдаланғысы келген Калинин, Ленин, Сталин, Фрунзе, Виноградов сынды КСРО жандайшаптарының ізі осы күнге дейін неге тұр?

70 жылға жуық жарты әлемге әмірін жүргізген Одақ құлап, күл-талқан болды. Одан бері 30 жыл өтті. Одақтың сойылын соққандардың мүсіні неге құламайды?

Бұл кісілердің мүсіні Алматының қақ төрінде тұруы бізге сын! Әрі-беріден соң, ұлттық құндылықтарға кереғар, ұлттық идеологияның дамуын бәсеңдетеді. Саябақта сейіл құрып жүрген өскелең ұрпақ осы бір ескерткіш мүсіндерді көріп, атам екен, бабам екен демесіне кім кепіл?! Бұлардың орнына Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш Арыстарының мүсіні тұруға әбден лайықты.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, жастардың намысына тиген ескерткіш мүсіндерді алып тастауыңызды талап етеміз! Біз қазақтың намысы тапталуына жол бермейміз!

«Намыс» қозғалысының жастары бастаған бұл шараны барша қазақстандықтар қолдайды деп үміттенемін. Бір ғана Алматы емес, Қазақстанның әр түкпірінде осындай ескерткіштер мен көше, ауыл, аудан, қала аттары бар.

Осы уақытқа дейін өзгеріске сендік, енді өзгермегенді өзгерту бізге артылған аманат. Намысты қолдан бермейік!

Пікірлер